379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада балмұздақ фестивалі өтті

  • 125
Елордада балмұздақ фестивалі өтті

Елордалық Арбатта Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында балмұздақ фестивалі өтуде.

Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына әртістер мен аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық-мәдени бағдарлама ұсынылды. Сонымен балаларға аттракциондар, караоке және дискотека секілді ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды.

Мерекені ашық аспан астындағы кинотеатрда мультфильм көрсетілімі қорытындылайды. Одан бөлек, «Балақайға базарлық» балмұздақты тарату акциясы қаланың бірнеше аумағында өтті: «Көктал-1», «Железнодорожный» тұрғын алаптары, Ш. Қосшығұлұлы көшесінің маңында, «Жастар» сарайының алаңы, «Жерұйық» саябағы және «Ақжайық» саябағы. 1 маусым күні балалар  жастар таратқан тәтті тағамды алу үшін сапқа тұрған. Аталмыш іс-шара қаланың қоғамдық даму істері мен инвестициялар және кәсіпкерлікті даму басқарламаларының қолдауымен өткізілді.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл күні 20 мың дана балмұздақ дайындалып таратылды. Акция барысында балалар үйі мен интернаттың, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлінді. Балмұздақпен қоса оларға жүлделер мен сыйлықтар таратылды, деп жазады astana.gov.kz.

Хабар 24 телеарнасы