389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жүргізуші куәлігін алуда жемқорлыққа тосқауыл қойылмақ

  • 338
  • UPD: 14:06, 04.06.2019
БҚО-да жүргізуші куәлігін алуда жемқорлыққа тосқауыл қойылмақ

Жүргізуші куәлігін алудағы жең ішінен жалғасқан жемқорлықты жоймай, жол-көлік оқиғаларының санын кеміту мүмкін емес.

Өйткені көлік апаты көбінесе жол тәртібін толық білмейтіндердің кінәсінен боп жатады. Бұл туралы жуырда Оралда өткен «Ақжайық – адалдық алаңы» мониторингтік тобының кезекті отырысында кеңінен талқыланды. Тиісті құрылым басшыларының айтуынша жыл басынан бері осындай «бармақ басты, көз қысты» бірнеше факті әшкереленген. Әсіресе мамандандырылған қызмет көрсету орталығында отыратын автомектеп басшылары мен көлік сақтандырушылар делдалдықпен айналысып, ереже білмейтіндердің емтиханнан өтуіне қол ұшын берген. Бұл іске полиция қызметкерлерінің де қатысы бары дәлелденген. Енді ондай әрекетке тосқауыл қойылмақ.

Әлия Салиева, БҚО Мемлекеттік қызмет істері департаменті жанындағы арнайы мониторинг қызмет тобының төрайымы:

- Осы жағдайды әбден зерттедік. Жүйелі мәселе болғандықтан жан-жақты талқылай келе, мынадай шешімге келдік. 1 шілдеден бастап, емтихан алу процесінен полиция қызметкерлері толық шеттетіледі. Емтихан тапсыру және көлік жүргізу сынағы онлайн трансляцияланады. Сынақ тапсыру бұрынғыдай аудандарда емес, тек қана облыс орталығында жүргізіледі. Бұл шаралар өз нәтижесін береріне үміттіміз.

Хабар 24 телеарнасы