389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда масаға ескерткіш қойылмақ

  • 583
  • UPD: 16:55, 04.06.2019
Атырауда масаға ескерткіш қойылмақ inform.kz

Атырауда масаға ескерткіш орнату туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің компания ретро-саябақтың аумағын сенімгерлік басқаруға алды. 900 шаршы метр ауданның 700 шаршы метрін алып жатқан гүлзарлар қалпына келтірілді. Субұрқақтың біреуі іске қосылды, жуырда екіншісі де істейтін болады. Сосын жақында ретро-саябақта Атыраудың масасына ескерткіш қойылуы мүмкін. Балық пен мұнай секілді ол да - біздің өлкенің символы», - дейді саябақты сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысы Татьяна Тегай.

Оның айтуынша, серіктестік саябақты өз қаражаты есебінен басқарады. Осы арқылы қаланы абаттандыруға үлес қоспақ.

Хабар 24 телеарнасы