378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 170-тен астам ауылда орталықтандырылған су жүйесі жоқ

  • 98
  • UPD: 23:44, 04.06.2019
Жамбыл облысында 170-тен астам ауылда орталықтандырылған су жүйесі жоқ

Жамбыл облысындағы ауылдардың тең жартысы таза ауыз суға зәру, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 373 елді мекен болса, оның 170-тен астамында орталықтандырылған су жүйесі жоқ. Қазір бұл бағытта 16 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 5,2 миллиард теңге бөлініп отыр. Биыл жыл соңына дейін 10 ауылға су жүйесі тартылып, 11 мыңға жуық тұрғын қамтылмақ. Жоспар орындалса, өңір халқының қамтылу көрсеткіші 56 процентке жетеді. Алайда облыста кейбір елді мекендер орталықтандырылған ауыз суға қосылса да, жұрт әлі күнге дейін тіршілік нәрін сағатпен ішуге мәжбүр. Өйткені су түрлі себептермен кесте бойынша беріледі. Бүгінгі таңда аймақта осындай 55 ауыл бар.

Бейсенбек Жампозов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Тәулік бойы берейін десе жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Одан кейін кейбір ауылдарда, сорғымен істейтін болғаннан кейін, электр қуатын үнемдеуге мәжбүр болады. Оның бәрін айтып жатырмыз. Биыл тағы 25 ауылды азайтсақ деген ойымыз бар. Бәрін бір күнде шешу қиындау. Бірақ бәріне тапсырма берілді. 

Хабар 24 телеарнасы