389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда Әнұранды бір мезетте 6 мыңнан астам адам орындады

  • 464
  • UPD: 23:47, 04.06.2019
Таразда Әнұранды бір мезетте 6 мыңнан астам адам орындады

Тараздық жастар Мемлекеттік рәміздер күні авто және мотошеру өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағынан жастар аллеясына дейін жүріп өтті. Оған 20 автокөлік пен 15 мотобайкер қатысты. Жолда белсенділерге 30-ға тарта велошабандоз қосылып, акция ұйымдастырылды. Шара бейбітшілік пен ынтымақтастықтың нышанына айналған Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымызды, жалпы рәміздер күнін жоғары деңгейде атап өтуге бағытталған. Сонымен қатар өңірде мемлекеттік Әнұранды бір мезетте 6 мыңнан астам адам орындады. Ал жалпы аудан, ауылдарда рәміздер күнін ұлықтауға арналған 100-ге тарта іс-шара өткізілді.

Ұлана Сламбекова, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Бүгін бүкіл қазақ елі рәміздер күнін тойлауда. 27 жылдығына орай жастардың арасында рәмізге деген құрметті арттыру мақсатында «Бір ту астындағы Тәуелсіз Қазақстан» атты жастар патриоттық акциясын ұйымдастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы