389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығында 2 мыңға жуық анаға қызмет көрсетілді

  • 290
  • UPD: 13:40, 07.06.2019
Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығында 2 мыңға жуық анаға қызмет көрсетілді

Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығының ашылғанына 2 ай болды.

Осы уақыт аралығында бұнда 2 мыңға жуық көп балалы анаға қызмет көрсетілген. Көбіне, аналар орталықтың материалдық, құқықтық, психологиялық көмегіне жүгінген. Сондай-ақ, көпбалалы отбасылардың балаларын балабақшаға орналастыру да біткен істің бір парасы. Бұдан басқа баспана мәселесін шешіп беру жөніндегі өтнішін арқалап келушілер де аз емес көрінеді. Аналарды отбасылық бюджетті жоспарлауға үйретеміз - дейді орталық мамандары. 

Зулфия Байсакова, дағдарыс орталықтары одағының басқарма басшысы:

- Олар баспана алып беруді бізден, Қазақстан халқынан сұрап отыр. Бұл демеушінің қаржысы, немесе жеке біреудің қайырымдылыққа берген қаржаты емес. Бұл ертеден кешке дейін еңбек етіп жүрген жандардың мемлекетке төлеген салығы. Еліміздің экономикасы – бұл әрқайсымыздың еңбегіміздің жиынтығы. Жиналған салықтан мемлекеттің бюджеті анықталады. Ал бюджеттен біз айтып отырған жеңілдетілген несиелер бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы