389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

  • 332
  • UPD: 08:27, 08.06.2019
Қарағанды облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Қарағанды облысының Абай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда волейбол, баскетбол, шағын футболға арналған залдар және жаттығу бөлмесі бар. Тәулігіне шамамен 600 адам шыныға алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үстел теннисі, жеңіл атлетика және волейболмен айналысуға барлық жағдай жасалған. Жаңа нысанның ашылуына орай танымал боксшы Серік Сәпиев арнайы келіп, жерлестерін құттықтады. Келешекте кешенде 20 бапкер жұмыс істейтін болады.

Амангелді Нұрмұханов, Абай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

– Мұндай дене шынықтыру-сауықтыру кешені Абай ауданында болмаған. Сондықтан жарыстарды, спорттық іс-шараларды мектептердің спорт залдарында өткізіп жүргенбіз. Кешенде футболдан, волейбол, баскетбол, қол добы, жеңіл атлетика, күрестің бірнеше түрінен үйірмелер ашылады.

Хабар 24 телеарнасы