384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 569 мыңнан астам азамат сайлауға қатысады

  • 57
  • UPD: 09:30, 09.06.2019
Шымкентте 569 мыңнан астам азамат сайлауға қатысады

Шымкенттіктер де бүгінгі саяси науқанға белсенді түрде атсалысуда.

Шымкент шаһары республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғалы алғаш рет Президент сайлауына қатысуда. Таңғы сағат 07:00-ден бастап 260 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Оның он тоғызы жабық сайлау учаскесі саналады. Ал Шымшаһарда 569 375 азамат өз таңдауын жасайтын болады. Бұл көрсеткіш 2016 жылы өткен сайлаумен салыстырғанда 230 мың адамға ұлғайған. Ал сайлаудың өту барысы шетелден келген халықаралық байқаушылар, саяси партиялардың сенімді өкілдері, сондай-ақ БАҚ-тың жіті назарында.

Біз тұрған №101 сайлау учаскесінде 2514 азамат осында келіп өз таңдауын білдіруде. Оның бесеуі мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар үшін мұнда арнайы дауыс беру орны қарастырылған. Мұнда қоларбамен емін-еркін кіріп-шыға алады. Көзі нашар көретіндер үшін де тактильді тақта, жүріп-тұруына, сосын әріптерді білу үшін, көру үшін арнайы трафарет қойылған.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Хабар 24 телеарнасы