384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік әскерилер дауыс беріп жатыр

  • 337
  • UPD: 10:19, 09.06.2019
Ақтөбелік әскерилер дауыс беріп жатыр

Кезектен тыс Президент сайлауына әскерилер де белсенді қатысып жатыр.

Ақтөбедегі Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөліміндегі №87 сайлау учаскесі өңірде алғаш болып ашылды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 5:00-де жұмысын бастады.

Шынымен де мұндағы жұмыс облыстағы өзге сайлау учаскелерінен бір сағат бұрын басталды. Әдетте түрлі мерекелік шаралар мен салтанатты жиындар өтетін әскери бөлімнің мәжіліс залы дауыс беру орны ретінде жасақталған. Алдымен тиісті тәртіпке сай сайлау учаскесінің мүшелері таныстырылып, бюллетеньдер таратылды. Қажетті байланыс құралдары да тексерілді. Кейін әнұранымыз шырқалған соң, жұмыс басталды.

Мұнда келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер, офицерлер және олардың осы мекенжай бойынша тіркеуде тұрған жұбайлары, сондай-ақ қатардағы сарбаздар келіп, өз таңдауларын жасады. Жалпы №87 сайлау учаскесі бойынша 316 дауыс беруші тіркелген.

Ақтөбе облысы бойынша 529 сайлау учаскесі бар. Олардың 150-і қалада орналасқан. Барлыға да дауыс берушілерді қабылдап жатыр.

Авторы: Әнуарбек Мырзатайұлы

Хабар 24 телеарнасы