384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий жағалауын күзететін шекарашылар дауыс берді

  • 303
  • UPD: 17:14, 09.06.2019

Қазақ-түркімен шекарасы мен Каспийдегі «Құлалы» аралында орналасқан застава сақшылары да бүгін өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылжымалы дауыс беру жәшігі шалғайдағы шекара бекеттеріне қос тікұшақпен жеткізілді.

Сайлау комиссиясының мүшелері мінген тікұшақтың бірі Ақтаудан 330 шақырым қашықта орналасқан «Үстірт» шекара бекетіне барды. Қазақстан мен Түркіменстанның мемллекеттік шекарасын күзетуші сақшылардың басым бөлігі биыл алғаш рет дауыс берді. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар жақында ғана 18-ге толыпты.

Нұрсұлтан Тынысов, «Үстірт» шекара заставасының сарбазы:

- Мен қатардағы жауынгер Тынысов Нұрсұлтан Маратұлы. Мен Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылынан келдім. Менің әскери борышымды өтеп жүргеніме 8 айдан астам уақыт болды. Бүгін мен өте қуаныштымын. Себебі, бізде бүгін 9 маусым - мерекелік күн. Мен сайлауға бірінші рет қатыстым. Офицер-командирлер сайлау тәртібін бізге түсіндірді. Мен өз таңдауымды өз үміткеріме жасадым.

«Темір баба» шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметкерлері де сайлауға 100% қатысты. Офицерлер отбасымен келіп, өз таңдауын жасады.

Ұлан Сағидолда, «Темір баба» шекаралық бақылау бөлімшесі бастығының орынбасары:

- Бүгін «Далья» шекара заставасында отбасымызбен №57 учаскесінде жылжымалы жәшік алып келу арқылы ҚР Президентінің сайлауына қатыстық.

Меруерт Жұмасилова, әскери қызметкердің жұбайы:

- Еліміз үшін өте жауапты сәт. Өте қуаныштымыз, отбасымызбен осындай сайлауға қатысып жатқанымызға. Еліміздің болашағы біз үшін өте маңызды. Сондықтан өте жауапты адам үшін дауыс бердік.

Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы мемлекеттік шекараның ұзындығы 425 шақырым. Бұл жерді Ұлттық қауіпсіздік қызметіне қарасты «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының 2 мыңдай әскері  күзетеді. 

Талғат Төребаев, ҚР Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы басшысының орынбасары:

- Сарбаздарды осыдан екі апта алдын біз арнайы сабақ өткіздік. Түрлі партиялардың мүшелерін бәрін таныстырып, қандай партиялардан кандидаттар бар екенін, кандидаттар өздерін таныстырып, сарбаздар арасында сондай сабақ өткізілді.

Бүгінгі президент сайлауына шекарадағы бекеттермен қатар, Каспийдегі ең үлкен аралда орналасқан техникалық бақылау қызметкерлері де қатысуға мүмкіндік алды. Ақтаудан ұшып шыққан тікұшақтың бірі «Құлалы» аралына қонды. Ал алып кемелерде ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген теңізшілер жағалауға аялдап, дауыс берді.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев

Хабар 24 телеарнасы