389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда қазақстандықтардың 30% өз таңдауын жасады

  • 236
  • UPD: 21:01, 09.06.2019

Қазақстанның шет елдегі ең ірі сайлау учаскесі Түркия Республикасында орналасқан.

Туысқан елдегі азаматтарымыздың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары деңгейде.

Түркияда сағат түскі 14:00-ден асты. Негізінен Түркия Республикасында сайлаушылардың қарасы қалың. Мұнда екі мыңнан астам Қазақстан азаматы тіркелген. Олардың басым бөлігі ел астанасы Анкара қаласында. Қалғаны Ыстамбұл мен Анталия қалаларын мекендейді. Бұдан өзге, Кония, Кастамону, Карабук, Кайсери, Эскишехир, Самсун, Трабзон, Гиресун, Күтахия, Ниғде және тағы басқа қалалардағы сайлаушыларымыз жоғарыда атап өткен Анкара, Ыстамбұл мен Анталия қалаларында азаматтық борыштарын жүзеге асырады. Сайлау учаскелеріне келген азаматтарымыздың көңіл-күйлері жоғары деңгейде. Еліміз үшін маңызды оқиғаның демократиялық мерекеге айналғанының куәсі болып отырмыз.

Айта кеткен жөн, Түркия Республикасынан елімізге 16 бақылаушы мен 1 БАҚ өкілі аттанып, сайлау үдерісін бақылауда. Сондай-ақ Түрік радио-телевизия мекемесінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігі және Анадолу ақпарат агенттігінің тілшілері үздіксіз ақпарат таратуда.

Хабар 24 телеарнасы