389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында трансформатор жөндейтін цех ашылды

  • 433
Түркістан облысында трансформатор жөндейтін цех ашылды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында трансформаторды жөндеп, сынақтан өткізетін цех өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа нысан өңірдегі жоғары кернеулі электротехникалық зертханасының ішінен ашылды. «Цехта трансформатордың барлық түрін жөндеуге мүмкіндік бар. Электр қуатын тасымалдаушы жүйенің кем-кетігін осында анықтап, жөндеп береміз», – дейді цех қызметкерлері. Олар өздері жөндеуден өткізген барлық техникаға 1 жыл кепілдік те береді. Одан бөлек, мұнда қуаттылығы 42 киловатқа дейін жететін үлкен зертхана жұмыс істейді. Ол жердің астында 10 метр тереңдікте жатқан кабелдерді табауға арналған. Мұндай зертхана облыс бойынша тек Мақтааралда ғана бар. Сонымен қатар өңірдегі барлық өндіріс орындары мен мақта зауыттарының техникалары да осы жерде сынақтан өткізіледі. Сондықтан цех аймақтағы өндірістік орындардың барлығымен бірлесіп жұмыс істейді. «Тапсырыс көп болғандықтан қосымша жұмысшы алып жатырмыз», – дейді цех басшысы Сырым Жүсіпов. Оның айтуынша, қазір цехта 30 адам еңбек етеді. Олардың барлығы – өз ісінің шеберлері.

Сырым Жүсіпов, цех басшысы:

– Біз тағы осы жерде маман дайындау мәселесімен де айналысамыз. Келісімшартымыз бар. Жыл сайын ол кісілер 7-8 студент жіберіп тұрады. Оның ішінде ең жақсы істейтіндерін оқуын бітірген соң осында жұмысқа алып қаламыз. Қазір біздің жұмысшылардың 80-90 пайызы – сол колледжді бітіргендер.

Хабар 24 телеарнасы