389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде 4 келіден астам заңсыз сүйрік аулаған екі ер адам ұсталды

  • 252
  • UPD: 16:31, 12.06.2019
Ертіс өңірінде 4 келіден астам заңсыз сүйрік аулаған екі ер адам ұсталды pavlodarnews.kz

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының полицейлері заңсыз балық аулағандарды ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ертіс өзенінің арнасында «Нерест» рейдтік іс-шаралар барысында Ынталы ауылының жанында балық аулап отырған екі ер адамды байқап қалдық. Олардың бірі жұмыс істемейді. Бұрын ҚР ҚК-нің 259-бабы бойынша сотты болған, 1979 жылы туған павлодарлық. Екіншісі 1967 жылы туған жергілікті тұрғын бұрын сотты болмаған және жұмыссыз», - дейді капитан Серік Асылбеков.

Балық аулауға әуесқойлар сүйрік тұқымдас балықты 5 текше моторлы резеңке қайығымен тыйым салынған уақытта және тыйым салынған тәсілмен аулауды жүзеге асырған. Нәтижесінде балық аулау ережесін өрескел бұзған.

Ұсталынғандардан жалпы салмағы 4,67 келі 23 балық, «Ривьера-3200» резеңке қайығын, «Раrsun» қайық моторын, екі дана капрон торын, 10 дана катушкалы қармақ алынды.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы