378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық кеңес жастар мәселесін шешуге көмектеседі

  • 97
  • UPD: 23:43, 13.06.2019
Ұлттық кеңес жастар мәселесін шешуге көмектеседі

Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы арқылы жастардың көптеген мәселелері оң шешімін табады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талдықорғандық жас ғалым Дамир Дигай осындай пікірде. Ол сонымен қатар бұл кеңестің құрамына әлеуметтік түйткілдерді жетік білетін жастардың енуін өте маңызды қадам деп есептейді.

Дамир Дигай, жас ғалым:

- Президенттің кадрлық резервіне 300 жас маман тартылады деді. Үкімет құрамының жастармен толығатынына, әрине, біз өте қуаныштымыз. Ал Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы арқылы жастарға жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету тұрғысынан үлкен көмек көрсетіледі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы