383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Ұлттық кеңеске қоғам сеніміне ие болғандар кіруі тиіс

  • 62
  • UPD: 23:41, 13.06.2019

Президенттің пәрменімен елде құрылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне елдің сеніміне ие болған, әрі қарапайым халыққа да, билікке де сөзі өтетін мықты азаматтар кіруі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – көкшетаулық қоғам белсенділерінің пікірі. Олардың айтуынша, аталған кеңеске аузы дуалы ақсақалдардан бастап мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет қызметкерлері мен тағы да басқа сан-саланың белді өкілдері мүше болғаны абзал. Себебі олар халықтың бүкіл мұң-мұқтажын жан-жақты жеткізе алады. «Осылайша кеңес барлық саланы бірдей қамти алады», – дейді көкшетаулықтар.

Шияп Әлиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Осы ұлттық сенім кеңесіне аузы дуалы, үлкен, білімі бар, тәжірибесі мол, ел алдында сондай беделі жоғары ақсақалдарды қосса деген ойым бар. Жастар да болуы керек, әрине. Білімді жастар болуы керек, білетін азаматтар. Бірақ соның ішіндегі сенімді ақсақалдар облыстардан қосылса өте жақсы болар еді.

Наталья Дементьева, ҚХА мүшесі:

- Мен ассамблея мүшесі ретінде мынаны айтқым келеді: жалпы, ассамблея мүшелерінен осы қоғамдық сенім кеңесіне адамдарды міндетті түрде шақырады, қарсы алады. Өйткені бұл кеңестің мүшесі ретінде ассамблея мүшелері жақсы бір өзінің пікірін немесе ұсынысын қосады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы