Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі ел арасында үлкен қолдау тапты.
Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық дамуда жаңа кешенді бағдарламаның қажеттігі оқытушы ғалымдардың оң бағасына ие болды. Сондай-ақ өңірлерді өркендетудің де бағдары айқындалады. Аймақтарда өндіріс пен ауыл шаруашылығын өркендету арқылы салалардағы кәсіпкерлікті дамытуға жол ашады, дейді мамандар. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құрып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға сеп болатынын айтады.
Халел Құсайынов, экономика ғылымдарының докторы, профессор:
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 нақты мәселені көтерді. Оның бәрі халықтың ойынан шығуда. Ең бастысы біздің елге тыныштық, тұрақтылық керек.