378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Цифрлық жаз» бағдарламасының соңғы кезеңі басталды

  • 58
Елордада «Цифрлық жаз» бағдарламасының соңғы кезеңі басталды

Елордада жас IT-мамандарға арналған «Цифрлық жаз» бағдарламасының соңғы кезеңі басталды.

Жоба аясында жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген 80-ге жуық студент қазақстандық алпауыт компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Биыл байқауға қатысуға 1500-ден астам жас маман ниет білдірді. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша 78 студент іріктелді. Ал тағылымдама барысында көзге түсіп, белсенділік танытқан жастар жұмысқа қабылданады. 

Дәулет Жасар, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистранты:

- Бірінші өз біліміңді IT саласында шынықтыру болды. Одан өттім. Екінші кезең кейс шешу болды. Ол үшін осында келіп, онлайн тапсырдық. Бәрі әділ өтті.

Хабар 24 телеарнасы