384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

  • 194
  • UPD: 15:26, 15.06.2019
БҚО-да «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Мақсат – өңір тұрғындарының құқықтық салада кездесетін түйінді мәселелерін дер кезінде шешу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – аймақта ұйымдастырылып отырған 4-акция. Осы уақытта полицияның басшылық құрамы 487 адамды қабылдап, тиісті көмек көрсеткен. Мобильді қабылдау кезінде тұрғындар құқық қорғау қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне де шағымдана алады. Жыл басынан бері өңір тұрғындарына жүргізуші куәлігін алу, көші-қон және автокөліктерді есепке қою бойынша 100 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген. 

Наурызбай Дәулетияров, қала тұрғыны:

- Бір жұмыспен келген едім, департамент қызметкерлеріне рақмет, халықпен кездесіп, сұрақтарыма жауап қайтарып, жауапқа шешім тауып кетіп жатырмын. Мұндай шара жиі болып тұрса дейміз. Полицияның өзі шығуы, халықпен бірге  болуы, сол халықтың қасында болуы, халықтың мұқтажын шешу ол бір үлкен шара деп мен ойлаймын.

Серік Сүйінбаев,  БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Басты мақсатымыз – халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Құқықтық жағынан. Көбіне көші-қон полициясы бойынша сұрақтар туындайды. Жол-көлік оқиғалары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар бойынша сұрақтар көп. Және ұрлық бойынша алдын алу бағытында қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы