389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Nur Otan» партиясы дәрігерлер мен мейірбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

  • 204
«Nur Otan» партиясы дәрігерлер мен мейірбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Нұротандықтар партия төрағасының атынан дәрігерлер мен мейірбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға ерен еңбектері үшін алғыс білдірді.

Елбасының бастамасымен елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше ден қойылып отыр. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та осы жұмыстарды әрі қарай жалғастыруға мүдделі.

Ерлан Хасенов, екінші қалалық балалар ауруханасының дәрігері:

«Nur Otan» партиясының өкілдері келіп, кәсіби мерекемізбен құттықтағаны үшін ерекше қуаныштымыз. Бұл Елбасымыздың денсаулық сақтау саласына деген қамқорлығының нәтижесі екені сөзсіз. Алдағы уақытта да осы жұмыстар жалғасады деп сенеміз. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау ісіне үлкен көңіл бөлуде.

Хабар 24 телеарнасы