383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңгерлер: Еліміздегі сайлау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек

  • 142
  • UPD: 19:46, 15.06.2019

Еліміздегі сайлау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Оған қоғамның дамуы мен уақыттың алға жылжуы себеп.

Заңгерлердің пікірі осындай. Олар еліміздегі байқаушылар институтының қалыптасуы жаңа үрдіс екенін айтады. Дегенмен шетелдік байқаушылар тарапынан айтылған сын-пікірлер ескерусіз қалмайды әрі жіті тексерілмек. Нақты шешім екі айдан кейін белгілі болады.

Сергей Ударцев, заң ғылымдарының докторы:

– Әлемде бәсеке қарыштап тұр. Саяси мәдениетті дамытпасақ, оларға ілесу қиын. Біздің ойымызша, сайлау туралы заңды әлі де қарастырып, өзгерістер енгізу қажет. Әсіресе, кандидаттарға қойылатын талаптарды қайта қарау маңызды. Халықаралық тәжірибеге сүйенген жөн. Меніңше, топ менеджерлерге үлкен көңіл бөлу керек.

Хабар 24 телеарнасы