389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзгенің өмірі үшін жанын қиған атыраулық полиция қызметкерлерінің ерлігін әріптестері үлгі тұтады

  • 260
  • UPD: 20:17, 15.06.2019
Өзгенің өмірі үшін жанын қиған атыраулық полиция қызметкерлерінің ерлігін әріптестері үлгі тұтады

Өзгенің өмірі үшін жанын қиған атыраулық полиция қызметкерлері Шалқар Ақымғалиев пен Рүстембек Сүндетовтің ерлігі көпке үлгі.

Екеуі де «Айбын» орденімен марапатталған. Өкінішке қарай Шалқардың марапаты оның отбасына табысталды. Ол осы жылдың наурыз айында суға кеткен әйелді құтқарам деп қаза тапты. Бар болғаны 25 жастағы азаматтың болашаққа деген жоспары көп еді. Әріптестері олардың ерлігін жоғары бағалайды және үлгі тұтады. 

Тұрарбек Сатыбаев, патрульдік полиция инспекторы:

– Ақымғалиев Шалқар мен Сүндетов Рүстемнің әріптесі болып келемін. Ол азаматтардың жасаған ерліктерін мақтан тұтамыз. Ақымғалиев Шалқар өз қызметін атқару барысында жанын қиып, азаматшаның өмірін құтқарып қалды. Біздің жас қызметкерлерімізге олардың ерліктерін айтып күнде түсіндіреміз, оларды тәрбиелейміз. Қазіргі таңда азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, тыныштығы үшін бізде аянбай еңбек етеміз.

Хабар 24 телеарнасы