384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жаңа медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетуде

  • 149
  • UPD: 21:58, 15.06.2019

Қарағанды қаласының Пришахтинск шағын ауданында денсаулық сақтау нысаны игілікке берілді.

Мұнда халыққа амбулаторлық, стационарлық көмек көрсетіледі. Жаңа медициналық мекеме күніне 80 адам қабылдай алады.

Зарият Азизова – жиырма жылдан астам тәжірибесі бар анестезиолог-реаниматолог маман. Қазір осы клиникадағы жан сақтау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етеді. Медициналық орталық жақында ғана ашылса да, күніне кем дегенде үш төрт операция жасаймыз дейді дәрігер.

Зарият Азизова, жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

– Заманмен бірге даму керек. Түрлі науқастар болады. Өлім аузында тұрған адамды алып шығып, аман алып қалу оңайға соқпайды. Есімде қалған қиын операциялардың бірі жүкті әйелге жасалған операция болды. Дәрігерлерге уақытылы жүгінбей, үйде түрлі дәрілерді ішіп, нәтижесінде сепсиске шалдыққан болашақ ана мен баланы аман алып қалуы үшін қолдан келген мүмкіндікті жасадық. Аман алып қалдық.

Заманауи клиникада балалар мен ересектерге кеңестік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық орталық бар. Мұнда жоғары санаттағы білікті мамандар қабылдау жүргізеді. Атап айтсақ, кардиолог, пульмонолог, жалпы хирургия, ревмотолог пен гинеколог мамандардың көмегіне жүгіне алады. 

Татьяна Штефан, пациент:

– Менің жасымда бірден екі операция жасату оңай емес. Дегенмен дәрігерлер бар көңілін маған аударып, медбикелер де көмектерін көрсетті. Мені ажалдан арашалап алды. Қазір жағдайым жақсы, барлық ағзамды әрі қарай тексеріп, емдеп жатыр. Ақ халатты абзал жандарға алғысымды айтамын.

Мұндағы хирургиялық бөлім 7 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Зерттеханалар мен операциялық залдар, жансақтау бөліміндегі палаталар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл жаңашылдық эндоскопиялық жедел емдеу мүмкіндігін береді.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы