383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық полицейлер адам өмірін сақтап қалды

  • 501
  • UPD: 08:04, 18.06.2019

Елордалық полицейлер өзіне-өзі қол жұмсамақ болған ер азаматты ажалдан аман алып қалды.

34 жастағы жігіт 4-қабаттағы балконнан секіріп, өмірімен қош айтыспақ болды.

Өткен жексенбіде полицияның диспетчерлік тетігіне қауіпті қоңырау келіп түседі. Бұл – өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның әйелінің қаққан дабылы. Оқиға орнына дер кезінде патрульдік полицейлер Мұхаметқали Қалдыбеков пен Қаят Пішембай жетеді. Бұл жерде өзінің жарымен жанжалдасқан 34 жастағы азамат үйдің терезесінен секіріп, өмірімен қош айтыспақ болады.

Қаят Пішембай, патрульдік полиция инспекторы:

- Біз оқиға орнына жедел жетіп, адамды ажалдан аман алып қалу үшін тез әрекет жасадық. Ол үшін үшінші қабаттағы балконның терезесін сындырып, жәбірленушіні соның ішіне жұлып кіргіздік.

Бұдан кейін суицид жасамақ болған жігіт ауруханаға жеткізілді. Төртінші қабаттағы балконнан түскен ол жеңіл жарақат алыпты.

Мұхаметқали Қалдыбеков, патрульдік полиция инспекторы:

- Әрбір полиция қызметкері азаматтарды қорғап, олардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін мейлінше жедел әрекет етуі тиіс. Бұл – біздің міндетіміз!

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыскерлердің ізіне түсіп, олардың арам пиғылына төтеп беру – бұл полицейлердің міндеті. Сондықтан адам өміріне араша болған бұл тәртіп сақшылары жасаған әрекетін ерлік деп санамайды.

Авторлары: Ж.Біркенов, С.Балашкина, Ербол Даиров

Хабар 24 телеарнасы