383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік қуат өндіру құрылымында АЭС үлесі 10 процентті құрайды

  • 135
Әлемдік қуат өндіру құрылымында АЭС үлесі 10 процентті құрайды

Бүгінгі таңда ядролық энергетика бірқатар мемлекет үшін маңызды болып отыр.

Қазір әлемдік қуат өндіру құрылымында атом электр станцияларының үлесі 10 процентті құрайды. Оның 70 проценті үлкен бестік аталған елдерге тиесілі. Бұл мемлекеттер атом электр станцияларының артықшылығына мән береді. Яғни дәстүрлі қуат көздерімен салыстырғанда атом энергетикасы тиімді болып есептеледі. Ал осы атом энергетикасына қажетті отын уран өндіруден әлемде бірінші орын алатын Қазақстан не істеуі керек? Бұл қуат көзінің тиімді тұстарынан бөлек қауіпсіздік мәселесі де өзекті екені белгілі. «Сондықтан елімізде атом электр станциясын салмас бұрын ел азаматтарының пікірін ескеріп, қоғамдық талқылауға салу қажет», – дейді Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков.

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Есептеулер бойынша, алдағы онжылдықта Қазақстанның оңтүстік облыстарының, оңтүстік өңірлерінде энерготапшылық мәселесі ушығатын болады. Және осы оңтүстік аймақтарымызды тиімді қуатпен қамтамасыз ету үшін атомдық электр станциясын салу мәселесі туындап отыр. Бірақ бұл жерде біз міндетті түрде қоғамдық пікірмен санасуымыз керек. Біздің азаматтарымыз не дейді? Және мемлекеттік деңгейде осы шешімге біз қаншалықты деңгейде дайынбыз. Бізге ол қажет пе, қажет емес пе деп қазақстандықтар болып талқылап, бір шешімге келу керекпіз.

Хабар 24 телеарнасы