383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылықтарға жылыжай үшін 15 сотықтан жер берілуде

  • 148
Сырбойылықтарға жылыжай үшін 15 сотықтан жер берілуде

Сыр өңірінде жылыжаймен айналысуға ниетті тұрғындарға 15 сотық жер беріле бастады.

Бұл бастама облыстың оңтүстік аудандарында жүйелі түрде жүзеге асырылып отыр. Мәселен, Шиелі ауданында биыл бұл мақсатқа 10 гектар жер бөлінген. Инфрақұрылымы дайын аумаққа жергілікті тұрғындардың бірі Майра Өмірбекова да жылыжай салып, қияр өсіруде. Тіпті осы кәсіп түрін дөңгелету үшін ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жеңіл пайызды несие беру де қарастырылған. Бүгінде аудан бойынша жылыжай кешенінің жалпы аумағы 20 гектарға жетіп отыр. Айтулы жоба аясында ауылдық елді мекендерде де жылыжайлар көбейе бастаған.

Майра Өмірбекова, кәсіпкер:

- Күніне 150-200 кг өнім аламыз. Екі айдың көлемі болды, өнім шығарып жатырмыз. Әлі екі айдай өнім аламыз деген үміттеміз.

Мұрат Әшірбеков, Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Осы жерден 10 гектарға дейін жерді қарастырып отырмыз. Оның жолына, жарығына – барлығына көмек беріп жатырмыз. Өздері ұсыныс білдірген кәсіпкерлерге, жұмыссыз азаматтарға әрқайсысына 15 сотықтан беріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы