383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Көкшетау» жүк тасымалы бекетінің басшысына 18,7 млн теңге айыппұл салынды

  • 261
«Көкшетау» жүк тасымалы бекетінің басшысына 18,7 млн теңге айыппұл салынды

«Қазақстан теміржолына» қарасты «Көкшетау» жүк тасымалы станциясының басшысы жемқорлық дерегі бойынша сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда сот айыпталушыны бас бостандығынан айырмай, оған 18 млн теңгеден астам айыппұл салған. Қалалық соттың берген мәліметіне сүйенсек, станция басшысы өз қызметін асыра пайдаланған. Атап айтсақ, коммерциялық кәсіпорындардан вагон жеткізіп бергені үшін жүйелі түрде пара алып келген. Одан бөлек, жүк вагондарын жалға алатын мекемелердің заңбұзушылықтарын жасырған. Сот шешімі бойынша айыпталушы өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Ал 18 млн теңгеден астам айыппұлды 3 айдың ішінде төлемесе, 7 жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Айта кетейік, аталған іс бір жылға жуық уақыт қаралды.

Айнагүл Аймұрзинова, қалалық соттың судьясы:

– Сотталушы істі қарау барысында өз кінәсін толығымен мойындап, алған парасын түгел қайтарғаны және бұрын сотталмағаны, сондай-ақ балаларының болуы себепті сот прокурордың айыппұл түріндегі процесуалды шешімімен келісті. Ал станция басшысының қарамағында жұмыс істеп, оның былықтарына араласқан қызметкерлердің барлығы жұмыстан қуылды.

Хабар 24 телеарнасы