384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің жас полицейлері Көкшетауда бас қосты

  • 192
Еліміздің жас полицейлері Көкшетауда бас қосты

Олар мұнда екі күндік республикалық форумға қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шараға Ішкі істер органдарының жас қызметкерлерімен қатар олардың тәлімгерлері де жиналған. Басты мақсат – өзара тәжірибе алмасып, сала ардагерлерінің ақыл-кеңесін тыңдау. Ал министрлік өкілдері қазіргі заманда полицейлерге қандай маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын жеткізді. Салада проблемалар да жоқ емес. Мәселен, бүгінде полиция бөлімшелерінде бос орындар көп. Яғни кадр тұрақтамайды. Оның үстіне, полицейлердің жемқорлыққа да жол беретін жағдайлар да жиі кездеседі. Жалпы елімізде бүгінде 8 мыңнан астам жас полицей бар. Ал олардың әрқайсысына жеке-жеке бір-бір тәлімгерден бекітілген.

Дәулет Төретайұлы, форум қатысушысы:

– Арыс аудандық полиция бөлімінен келіп отырмын. Негізінен 2018 жылы Алматы қаласындағы академияны бітіргенмін. Және де осы Ішкі істер органдарында жұмыс істеп жатқаныма 1 жылдай уақыт болды. Академияда курсанттар тек қана теориялық жағынан ғана білім алады. Ал практикалық жағынан үйлестіру үшін теорияда алған білім мен тәжірибеде алынған біліктілік екеуін ұштастыра білгенде ғана осы Ішкі істер органдарында қызметкерлер ең мықты, білікті маман болып шығады. 

Дәуітбек Нұрғалиев, облыстық ішкі істер органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы:

– Біз ардагерлер жас қызметкерлермен көптеген жұмыс атқарып келеміз. Аудандарға шығып, олармен кездесулер өткіземіз. Аға буын өкілдерінің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде айтамыз. Ең бастысы, оларға психологиялық көмек көрсетеміз. Жасыратыны жоқ, бүгінде көп жастар күйзеліс пен ауыртпашылыққа біз секілді төзімді емес. Сондықтан оларды рухани шыңдауға атсалысамыз.

Хабар 24 телеарнасы