384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда әкімшілік-процессуалдық кодекс әзірленді

  • 205
Қазақстанда әкімшілік-процессуалдық кодекс әзірленді

Елімізде әкімшілік-процессуалдық кодекс әзірленді. Жаңа құжат қазір Мәжілістің қарауында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар жаңа кодексті дайындау арқылы мемлекеттік органдардың жұмысына көңілі толмай жатқан азаматтардың мәселесін шешуге болады, дейді. Енді мұндай түйткілдер әкімшілік немесе қылмыстық кодекспен емес, әкішілік-процессуалдық кодекс арқылы қаралатын болады.

Рамазан Сәрпеков, ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры:

– Тұрғын-үй мәселесімен «менің кезегім кешігіп кетті немесе менің салған ақшам орнына түспей қалды» дегендер немесе жер, салық мәселесі жайында арыз беретін болса, соны тезірек қаратып беру үшін қазіргі құрылатын соттар мемлекеттік органдарға тапсырма береді. Немесе қабылдаған құжаттар заңсыз болса, соның күшін жояды да, жеке адамның мүддесіне шешім шығарып береді.

Хабар 24 телеарнасы