383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында үздік полиция қызметкерлері марапатталды

  • 234
  • UPD: 23:49, 22.06.2019

23 маусым – елімізде полиция қызметкерлерінің төл мерекесі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл қазақ полициясының құрылғанына 27 жыл толып отыр. Осыған орай Түркістан қаласында арнайы парад өтті. Ардагер полицейлер мен жеке құрам мүшелері және қызмет бабында қаза тапқандардың туған-туыстары Жеңіс саябағына жиналды. Мерекелік жиын барысында арнайы жасақ сарбаздары ұрыс-тәсілдерін көрсетті.

Биыл Түркістан облысында алғаш рет ұйымдастырылған іс-шара қалалық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Жиналғандар әуелі бақилық болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Ардагерлер бейбіт күннің батырлары жайында естелік әңгімелер айтып, олардың ерлігін жас ұрпаққа үлгі етті. Департамент тарапынан бақилық болған 7 бірдей полицейдің отбасына құрмет көрсетілді. Мұнан соң өз қызметіне адалдық танытқан 200-дей тәртіп сақшысы түрлі дәрежедегі алғыс хаттармен марапатталып, бірнеше қызметкердің шені жоғарылады. Сонымен қатар жаңадан жұмысқа қабылданғандар салтанатты жағдайда ант қабылдады.

Қайрат Дәлбеков, облыстық ПД бастығы:

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Полицейлер – адамдардың құқығын және бостандығын қорғауда, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдыңғы қатарда тұратын адамдар» деп атап өткен болатын. Бұл біз үшін, яғни полиция қызметкерлеріне деген үлкен сенім мен мәртебе.

Хабар 24 телеарнасы