389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыс салдарын жою бойынша шаралар жүргізуде

  • 292
Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыс салдарын жою бойынша шаралар жүргізуде

Жеке құрамның 1800-ге жуық адамы мен 50 - ден астам техника Арыстағы жарылыс салдарын жоюға жұмылдырылған.

Оқиға орнында Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев та бар.

Ол әскери бөлімнің орналасқан жерінде болып, материалдық-техникалық жағдаймен танысты, әскери қызметшілермен кездесіп және қызмет орындарын тексерді. Кейбір мәселелер бойынша жедел шешімдер қабылданды.  

Қазіргі уақытта төтенше жағдай орнына қарулы күштерден 1800-ге жуық жеке құрам, 50-ден астам техника, 6 ұшу аппараты, оның ішінде әуеде барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған, әскери саперлер өз жұмысын бастады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы осы жарылыс кезінде қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтады және жарылыс салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.

Хабар 24 телеарнасы