389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласында қауіп сейілген жоқ – Ө.Шөкеев

  • 437
  • UPD: 14:40, 25.06.2019

Арыс қаласында қауіп әлі сейілген жоқ. Осы себепті тұрғындардың шаһарға келуіне тыйым салынады.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, қаладан эвакуацияланған адамдар көмек көрсету орталықтарына орналастырылды. Халық жатын орын, азық-түлікпен қамтылған. Егер азаматтар өзге өңірлердегі туыстарына кетуге ниет білдірсе, арнайы көлік, құралдармен қамтылады. Қазір арнайы жасақ қаланы қоршауға алып, күзетіп тұр. Ұрлық-қарлыққа жол бермеу үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Түркістан облысы әкімдік жанынан арнайы корпоративтік қор құрылады. Оның есепшотын Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайтын боламыз. Ал Шымкент қаласында гуманитарлық көмек қабылдайтын орталық ашылады. Зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек және тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін құрылыс материалдары қажет. Бүгіннің өзінде көмектің алғашқы легі келіп жатыр. Арыс қаласы тұрғындарының атынан қиын жағдайда көмек қолын созған азаматтарға алғыс айтамын.

Хабар 24 телеарнасы