384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда Арысқа көмек жөнелтуден бекеттер жұмыс істеп тұр

  • 226
  • UPD: 15:51, 25.06.2019

Жамбылдықтар Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр.

Қалада 4 жерде арнайы қабылдау бекеттері ашылып, жұмыс істеп тұр. Дәл қазір Тараз қаласынан азық-түлік, тұрмыстық жағдайға керек-жарақ заттар тиелген бірнеше жүк көліктері жолға шығады. Тікелей байланыста Руслан Бақытбекұлы. Руслан қандай жаңалығыңыз бар? Көрші облысқа қандай жәрдем көрсетіледі?

Руслан Бақытбекұлы, тілш:

- Арыстағы болған жағдайға әулиеаталық жұртшылық та қарап қалып жатқан жоқ. Өңірде жан-жақты көмек көрсету шаралары жүргізіліп жатыр. Тараз қаласының өзінде қабылдау бекеттері ашылып, жұрт азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек сияқты тұрмысқа қажетті заттарды әкеліп өткізіп, қазір міне жөнелтілгелі тұр.

Тұрғындар әлі де келіп жатыр. Жалпы қазіргі уақытқа дейін 180 тоннадан астам азық-түлік дайындалды. Сонымен қатар жарылыс кезінде зақымданған тұрғын үйлерді қалыпқа келтіруге 60 тонна құрылыс материалдары да жөнелтілмек. Қазір жауапты мамандар алғашқы легін алып жолға шығып барады. Жүк көліктерінде 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна тауық еті, 1 тонна сүт өнімдері тиелген. Бұдан бөлек медициналық қызмет көрсету үшін облыстан 4 реанимобиль Арыс қаласына аттанды. Қажетті 2,2 миллион теңгеге дәрі-дәрмек артығымен алынып, 8 фельдшер жолға шықты.  Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен арнайы техникалар да жөнелтілген. Жалпы толық ақпарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтен айтып береді.

Хабар 24 телеарнасы