384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылыс. Қоғамдық тәртіпті күзету үшін 100-ден астам әскери қызметкер жұмылдырылды

  • 109
  • UPD: 12:14, 26.06.2019
Арыстағы жарылыс. Қоғамдық тәртіпті күзету үшін 100-ден астам әскери қызметкер жұмылдырылды mod.gov.kz

Құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында құрамы Ұлан мен Тараз гарнизонының бөлімшелерінен тұратын әскери полицияның қосалқы жасағы құрылды.

Қоғамдық тәртіпті күзету жөніндегі бұл шараға барлығы 100-ден астам әскери полицияның әскери қызметшілері қатысады. Қысқа мерзімде әскери қалашық аумағында әскери қызметшілер тұратын жерлерде және қаланың өзінде әскери полиция органдары тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырып, көшірілген жұрттың үйлерін күзету шаралары жүргізілуде. Оқиға орын алған әскери бөлімнің бақылау-өткізу пунктінде әскери полиция қызметтік иттерімен бірге өткізу тәртібін тәуліктік бақылауға алды. Әскери объектінің аумағына заңсыз кіруге жол бермеу және Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді, сауда орындары мен дүкендерді тонау фактілерін болдырмау мақсатында әскери полиция органдарының әскери қызметшілері Ұлттық ұланның әскерилерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге заңсыз қылмыс пен өзгенің мүлкіне қол сұғу фактілерін алдын алу міндеттерін атқаруда. Сондай-ақ жарылыс салдарын жоюға қатысатын әскери техника мен жеке құрамның ілесіп жүруі ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі: mod.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы