384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 20 мың көлік жүргізуші салық берешегін өтемей жүр

  • 132
Семейде 20 мың көлік жүргізуші салық берешегін өтемей жүр

Семейде мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жол бойында рейд жүргізді.

Бұл шараға сот орындаушылары мен жол сақшылары да қатысты. Әдеттегідей көлік жүргізушілерін тоқтатып, полиция қызметкерлері оларды арнайы база бойынша тексерді. Шара барысында көптеген азаматтың қордаланған қарызы лезде әшкереленді. Оларға ескерту жасалып, бұдан былай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені айтылды. Жолда тоқтағандар қатарында 5 жыл бойы көлік салығын төлемеген азаматтар да кездесті. Мамандардың айтуынша, шаһарда осы сияқты 20 мың салық төлеуші берешегін өтемей жүр. Қарыз сомасы 300 миллион теңгеден асып жығылады.

Еркебұлан Нүкебаев, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

– Шараны жүзеге асыру барысында жеке тұлғалардың қолдарына салық берешегі туралы хаарлама берілді. Бюджетіміздің кіріс бөлігін толықтыру мақсатында жасалып жатқан іс-шараларға Семей қалалық мемлекеттік кіріс басқармасы мамандары тарапынан жыл соңына дейін жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы