389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста қираған үйлер анықталып, шығындар есептелуде

  • 428
  • UPD: 13:01, 29.06.2019

Кешелі бері Арыс тұрғындары үйлеріне оралып, қалада тіршілік қайта жанданды.

Арыс қаласы 17 сектарға бөлініп, жұмыс басталып кетті. Әр облыс өзіне бекітілген аумақтың жұмысына жауап береді. Әркім өз секторында тазалау, залалсыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы секторларға облыстың аудан, қала әкімдіктерінен жалпы саны 640 жауапты азамат бекітілген. Әрбір 10 үйге 1 қызметкерден жауапты. Олар тұрғындарды жайғастырып, көмек көрсетуде. Зардап шеккен тұрғындардың бұзылған үйлеріне фото-видео фиксация жасап, шығындарды есептеуге көмектесіп жатыр. Бұдан бөлек тұрғындарды жайғастыруға облыстық полиция қызметкерлері мен дәрігерлер, төтенше жағдай департаменті мен құзырлы мекемелер үздіксіз қызмет көрсетуде. Жалпы қаладағы 7 600 тұрғын үйдің барлығының терезесі жарылыстан сынып, 80 пайыз үйдің шатыры бұзылған. Арнайы комиссия ішкі бөлмелерді, ғимараттардың құрылысын тексеріп, акт толтыруда. Алдағы 1-2 күнде шығындарын есептеп, сметасын жасайды. Мәселен, Қостанай облысына 16-сектор бекітілген. Қостанайлықтар қалпына келтіру жұмыстарын Сарыағаш ауданымен бірлесіп атқарып жатыр.

Қайра Абдулаев, Сарыағаш ауданының әкімі:

– Қостанайлықтар тек құрылыс жүргізеді. Біз әлеуметтік көмек көрсетеміз. Тамақ, көшіру, тасу, құрылыс материалдарын жеткізу біздің мойнымызда. Олар тек салып береді.

Айта кетейік, Қостанай облысы мен Сарыағаш ауданына тиесілі 16-аймақта 700-ге жуық түрлі нысан бар. Оның 70-80 пайызы зардап шеккен. Қазір 150 жуық құрылысшы жұмысты бастауға сақадай сай дайын тұр. Жалпы арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің барлық өңірінен 160 арнайы бригада келеді. Айта кетейік Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір ай бойы Арыс қаласында тұрып, қаланы қалпына келтіру жұмыстарын бірлесе бақылайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы