389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазМұнайГаз» ҰК өндіріс қауіпсіздігін 100 пайызға жеткізбек

  • 334
  • UPD: 23:28, 01.07.2019

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өндіріс қауіпсіздігін 100 пайызға жеткізбек.

Ол үшін мердігерлік ұйымдарда еңбек және қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы бағдарлама енгізген. Бұл туралы компания бас директорларының «Нөлдік көрсеткішке жету – басты міндетіміз» деп аталатын V форумында айтылды. Жиында еңбек қауіпсіздігі мен табиғи ортаны қорғау мәселелері талқыланды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы еңбек қауіпсіздігін – нөлдік деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауда өткен жылы үздік көрсеткішке ие болды. Себебі, акционерлік қоғам, ең алдымен өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін көтеруді қолға алған. Яғни, әр қызметкердің жұмыстан үйіне аман-есен оралуын басты міндет етіп қойды.

Қайрат Сақтағанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК Еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры:

- Әр түрлі мекемелердікін зерттедік. Соның ішінде «Аман» деген программа бар. Оның неше түрлі атауы бар. Былайша айтқанда еңбекті қорғау, стоп карта дейді. Сол сияқты жоспарда өзіміздің «ҚазМұнайГаз» мекемесінде барлық компаниялар тобы бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз.

Форум жұмысына қатысқан өкілдер компания міндеттері мен түйткілді мәселелерін де талқылады. Ұлттық компания осы жылы мердігерлік ұйымдардың еңбек пен қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтауына ерекше бақылау орнатпақ. Ал, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында бірқатар шаралар енгізген.

Шухрат Данбай, Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры:

- Өндірістік қауіпсіздікті сақтау мақсатында біз халықаралық стандарт енгіздік. Жүйелік жұмыстың нәтижесі жаман емес. Мұнай өңдеу зауыттарында қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі техникасы бір жолға қойылған. Үш жыл қатарынан жақсы көрсеткішке қол жеткізіп келеміз.

Ұлттық компания адам денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігі, экология тазалығын басты назарда ұстаймыз деп отыр.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы