389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сексеуіл кескендерге қатысты жүзден астам қылмыстық іс қозғалды

  • 278
  • UPD: 18:52, 02.07.2019
Елімізде сексеуіл кескендерге қатысты жүзден астам қылмыстық іс қозғалды

Табиғат қорғау полициясы бөліністері мен АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мемлекеттік орман қоры аумағындағы сексеуіл бұтақтарын заңсыз кесу фактілерін анықтау бойынша (АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің №211 бұйрығы бойынша сексеуіл өскіндерін кесеуге 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынды) жедел алдын алу және рейдтік шараларды тұрақты жүргізеді.

Ағымдағы жылы полиция қызметкерлері сексеуіл бұтақтарын заңсыз кесу фактісі бойынша СДБТ-ге 19 факті (ҚК-тің 339-бабы – сирек кездесетін және жойылуы жақын, сондай-ақ пайдалануына тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар, олардың бөлігі мен бұтақтарын заңсыз пайдалану), сонымен бірге сексеуіл ағашын кесуге байланысты 109 фактіні (ҚК-тің 340-бабы – заңсыз кесу, жою немесе бұтақшалары мен бұтақтарына зақым келтіру) тіркеді.

Браконьерлерден заңсыз дайындалған 340 текше метр сексеуіл тәркіленіп алынды. Сотқа 44 қылмыстық іс жолданды.

Мәселен, Жамбыл облысы Шу аданы аумағында 4 текше метр сексеуіл бұтақтарын заңсыз алып бара жатқан «Газ-53» автокөлігімен жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы