384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да сақтау мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдері сатылған

  • 158
  • UPD: 08:00, 04.07.2019
СҚО-да сақтау мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдері сатылған

Солтүстік Қазақстан облысында мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері сатылған.

Уәлиханов пен Ақжар аудандарында тексеріс жүргізген санитар мамандар сауда сөрелерінде жатып қалған шұжық пен балықты анықтады. Осыған байланысты дүкен иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тағы бір дерек, Петропавлдағы сауда орындарынан «жасанды» май табылды. Зерттеу қорытындысы бойынша, олардың майлылық қышқылдығы талапқа сай болмай шыққан. Қазір тауар өндірушіге қатысты шара қолдану үшін іс Шал ақын аудандық полиция бөліміне жіберілді.

Гүлнұр Омарова, СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

- Қазіргі таңда осы май сауда орындарынан алынды. Нұсқама берілді. Салмағы әлі анықталуда. Анықталғаннан соң, тағы да нұсқама беріледі.

Хабар 24 телеарнасы