389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста 181 үй толық жөндеуден өткізілді

  • 342
  • UPD: 14:13, 05.07.2019

Одан бөлек мыңға жуық тұрғын үй жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Снаряд түсіп, үй-жайы, қора-қопсысы түгел жанып кеткен Әуезовтар отбасына Қызылорда облысының әкімдігі баспана сатып алып берді. Жаңа қонысқа көшіп, көңілі бірленген отбасыға біздің арна тілшілері де құтты болсын айта барды.

Қамбар Бекенов, тілші:

- 6-секторға жауапты қызылордалық құрылысшылар тағы 7 арыстық отбасының үйін толық жөндеуден өткізіп берді. Жалпы бұл аумақта сырбойылық 10 бригада 254 жеке үйге жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.

Жарылыс кезінде жұбайы және 4 баласымен жан сауғалап үйден шыға бергенде Қаламқас Әуезованың баспанасына снаряд түскен. «Енді қайда күнелтемін» деп сары уайымға салынып жүргенде үй тарту етіліп, қуанышында шек жоқ. Қазір бұрынғы тұрақжайына көршілес орналасқан баспанаға көшудің қамын бастап кетті.

Бүгін сондай-ақ Арыста ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға 180 тоннадай агроөнім нарық бағамынан 30%-ке арзан сатылды. Сонымен қатар арыстықтар бүгін жаппай сенбілікеке шықты. Көше, гүлзар, аллея, ойын алаңдары қоқыстан тазартылды.

Қаланың ішінде қазір 30 шақты дүкен, 4 наубайхана жұмыс істеп тұр. Автопарктер қалыпты кестеге көшті.

Хабар 24 телеарнасы