389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лагерьде демалып жатқан арыстық балалар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күйде қайтады

  • 449
  • UPD: 20:45, 05.07.2019

Арыстық балалар жазғы лагерьлерде тегін демалады. Оларды еліміздің барлық аймағындағы тынығу орындары жылы қарсы алуда.

Балалардың уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралар жалғасып жатыр. Әзірге бұл тек бүлдіршіндердің алғашқы легі. Олардың көбі жазғы лагерде бірінші рет демалуда.

Аяжан Сейдіманап үшін жарылыс пен өрт туралы жағымсыз естеліктер артта қалды. Мұндағы лагерьде барлық ойын мен пікір-сайыстар және әңгімелер тек бүгінгі күн туралы ғана болады. Сондықтан баланың есінде тек көңілді көріністер мен қуанышты сәттер және жаңа достар ғана қалады. 

Аяжан Сейдіманап, Арыс қаласының тұрғыны:

- Бізді мұнда жақсы қарсы алды. Бұл менің өмірімде мәңгі есте қалады. Тәрбиешілер тура ата-анамыз сияқты қарайды. Күіне 5 мәрте тамақ береді. Бұл жер маған өте керемет ұнайды.  Өт  қызықты өтіп жатыр.

Мұндағы Арыстан келген бүлдіршіндердің барлығы тексерістен өткен. Егер жарақаты болса, дәрігерлер емдеп береді. Әрбір балаға ерекше көңіл бөлінген. Жылы су, дәмді ас-ауқатпен қамтылған. Демалысының көбі осындай пайдалы істерге арналады. 

Бірлік Баржақсымов, облыстық білім және денсаулық орталығының филиал директоры:

- Біздің мақсатымыз сол стресстан балаларды шығару. Ең алдымен психолог жұмысы. Тек біздің психолог емес, респбликалық екі орталықтан да мамандар шақырдық. Үлкен бір жұмыс жасалды. Қазіргі таңда балалар ашық, өздерінің йын да, ішіндегі жеткізіп айтып отыр, қысылмай айтып отыр.

Осы 10 күн аралығында балалармен тек психолог мамандар ғана емес, дәрігерлер мен тәрбиешілер де жұмыс істейді. Әр бала лагерде өзін қонақ сияқты сезінуі тиіс. Сонда ғана баланың көңілі жайланады. Сол үшін лагерде балаларды жан-жақты дамытатын 19 түрлі үйірме жұмыс істейді.

Дархан Байдулла, Арыс қаласының тұрғыны:

- Психологиялық ойындар  жақсы өтіледі. Одан да басқа қазақи нақыштағы ойындарда өткізіледі. Одан тыс өзге де өте өте қызықты ойындар өткізіліп жатыр.

Бұл жерде балалар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен аттанады. Он күн бойы өз үйінен жырақта жүрген балалар өздерін ата-аналары мен бауырлары сағына күтіп отырғанын біледі. Қазір олардың баспаналары жөнделіп, қалпына келтіріліп жатыр. Жаз соңына дейін 4 мыңнан аса бала еліміздің барлық аймақтарындағы демалыс орындарында тынығатын болады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Катерина Попкова, Нурмахан Мусатов, Нурмахан Бекмуратов

Хабар 24 телеарнасы