383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жайықта балықтың жаппай қырылуына қатысты күдіктілердің соты басталды

  • 278
  • UPD: 20:45, 05.07.2019

Атырауда Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысы бар күдіктілердің соты басталды.

Процесте «Атырау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы мен оның орынбасары және су тазарту стансасының басшысы жауап беруде. Оларға Жайық өзеніне мөлшерден тыс хлорланған су жіберді деген айып тағылды. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Жайық ластанып, салдарынан 120 тоннадан атсам балық қырылып қалған еді. Оның ішінде Атырау бекіре зауыттарынан 103 тонна бағалы бекіре тұқымдас балық шығын болды. Алты айға созылған тексеру нәтижесінде бұл жағдайға байланысты кінәлілер анықталып, сот алдында жауап беріп жатыр.    

Боранбай Ғалиев, Атырау  облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-  Оларға ҚР ҚК үш бабы бойынша айып тағылып отыр. Егер  де сот барысында олардың кінәлері толықтай дәлелденетін болса, екі жылдан жеті жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы