389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда бас шаһардың қалыптасуы мен қарыштап дамуындағы Елбасының рөлі айтылды

  • 634
  • UPD: 15:28, 06.07.2019
Таразда бас шаһардың қалыптасуы мен қарыштап дамуындағы Елбасының рөлі айтылды

Таразда «Нұр-Сұлтан – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға 100-ге жуық жергілікті ғалымдар, профессор оқытушылар, жастар қатысты. Басқосуда Сарыарқадағы алып шаһардың әлемдік аренадағы алар орны турасында сөз болды. Жастарға елорданың геосаяси маңыздылығы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні жайында ақпар берілді. Ел астанасының қалыптасуы мен қарыштап дамуындағы Елбасының рөлі, ерен еңбегі түсіндірілді.

Жанғазы Молдамұратов, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

– Елбасымыздың осы 20 жылда елорданы құруға бағытталған іс-шараларының маңыздылығын атап өту. Жастардың бойына сіңіру болып табылады. Біз енді қазір өз тарапымыздан осы елорданың дамуына, оның туған күнін атап өтуге өзіміз үлесімізді қосуға тырасамыз. Елордамыз алдағы уақытта көркейе берсін. Дами берсін деген тілегіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы