384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


BBC Елорда күніне арнап бейнеролик түсірді

  • 194
  • UPD: 22:23, 06.07.2019

«Нұр-Сұлтандағы күншығыс».

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша BBC-ге қарасты британдық Dars Films киностудиясының түсірген бейнеролигі осылай аталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн-түн демей түсірілімге қатысқан команда мүшелері, осылайша, Елорда күніне осындай сый тарту етті. Қаланың әр бұрышынан алынған әдемі әрі қайталанбас кадрлар топтастырылып, графикалық әрлеу мен дыбыстау бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарылды. Фильмнің авторлары жергілікті әріптестерінің қолдауымен жасалған дүниенің есте қаларлық сыйлық боларына үміттенеді.

Хабар 24 телеарнасы