383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг депутаты қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады

  • 177
  • UPD: 16:05, 07.07.2019

Германия Бундестагының депутаты Альберт Вайлер қазақстандықтарды Елорданың туған күнімен құттықтады.

Депутат Нұр-Сұлтанда бірнеше рет болыпты. Айтуынша, Қазақстанның бас қаласы міндетті түрде көруге тұрарлық заманауи шаһар. Неміс саясаткерінің сөзінше Нұр-Сұлтан бүгінде тек Қазақстанның ғана емес, мұқым Орталық Азияның мәдени, саяси және қаржы орталығына айналған.

Альберт Вайлер, Бундестаг депутаты:

- Мен Нұр-Сұлтанда бірнеше мәрте болдым. Бұл өзіңді жайлы сезінетін және әрдайым жаңалық ашатын қала. Бәрінен бұрын мені жаңа заманауи ғимараттардың көптігі таңқалдырды. Солардың ішінен Бәйтерек ерекше ұнайды. Отбасымызбен бірге оған екі рет көтерілгеніміз әлі есімде. Монументтен қала алақандағыдай көрінеді. Адам одан ерекше әсер алады екен. Жалпы, қаланы тақырдан тұрғызу өте батыл шешім және ол қажырлы еңбекті қажет етеді. Дей тұрғанмен, бұл идея толықтай іске асқан. Осы ретте мен Қазақстанның барлық азаматын астана күнімен құттықтағым келеді. Сіздерге мол табыс пен сәттілік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы