384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан – Токио бағытында ұшатын әуе рейсі ашылды

  • 198
  • UPD: 14:38, 08.07.2019

Жапонияға бет алған Boeing-757 ұшағы Нарита халықаралық әуежайына қонды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан барлығы сәтті өтті.

Көптен күткен Қазақстан мен Жапония арасындағы тікелей рейс бүгін ашылды. Енді Нұр-Сұлтан – Токио бағыты тұрақты түрде қатынайтын болады. Бұл жаңалық екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа сатыға көтерді. Шара Елорда күні мен Елбасының туған күніне қарай орайластырылып отыр.  Осыдан бірнеше жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жапондық инвесторлар үшін қолайлы жағдай туғызу керек деген талап қойған болатын.

Рустам Габбасов, аға ұшқыш:

– Бүгін Нарита әуежайына қондық. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан бәрі сәтті өтті. Әуежай жұмысы, навигациялық және диспетчерлік қызметтің барлығы жоғары деңгейде.

Кристина Шишкина, бортсерік:

– Токиоға алғаш рет ұшқандықтан сәл қобалжу болды, дегенмен барлығы ойдағыдай өтті. Жолға шығардың алдында әдейілеп дайындалдық, бұл жердің мәдениетімен таныстық.

Нарита халықаралық әуежайы Жапонияда сапарлайтын жолаушылар саны бойынша екінші орында тұр. Токио орталығынан бар-жоғы бір сағаттық жерде орналасқан. Әзірге Нұр-Сұлтан – Токио рейсі әр сенбі күні жүзеге асырылады. Ал күзге қарай бұл бағытты аптасына екі рет ұшыру жоспарланып отыр.

Владимир Сытник, әуе компанияның вице-президенті:

– Қиын болған жоқ. Әр елдің өз тәртібі бар. Біз оған бағынып, барлығын уақтылы орындап отырдық. Ұзақ уақыт ұштық. Осы рейс арқылы алдағы уақытта елімізге Жапониядан және, керісінше, Қазақстаннан Жапонияға ағылатын саяхатшылар легі әлдеқайда артуы мүмкін.

Boeing-757 ұшағы 200-ден астам жолаушыны тасымалдай алады. Болжам бойынша, күз айларына қарай рейстер 80 пайызға дейін толуы тиіс. Ал бір жылдан соң бұл бағыт тіпті коммерциялық пайда әкелуі мүмкін.

Авторы: Айгерим Уразалиева

Хабар 24 телеарнасы