389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арнайы комиссия оқдәрі сақтаулы тұрған барлық нысанды тексеруді бастады

  • 291
  • UPD: 16:19, 08.07.2019
Арнайы комиссия оқдәрі сақтаулы тұрған барлық нысанды тексеруді бастады

Арнайы комиссия Қазақстан Қарулы Күштерінің оқдәрісін сақтау нысандарын тексеруді бастады.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен оқдәріні сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мұқият тексеру мақсатында еліміздің барлық өңірінде арнайы комиссия құрылған. «Комиссия құрамына оқдәріні сақтауды ұйымдастыру саласында арнайы техникалық білімі бар, сондай-ақ тиісті практикалық тәжірибесі бар, оның ішінде өртке қарсы және диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жоғары білікті әскери мамандар кірді» делінген хабарламада.

«Бұл әскери қызметшілер ҚР Қарулы Күштері бөлімдерінде, құрамалары мен базаларында оқдәріні, зымырандық-артиллериялық қару-жарақты сақтауға байланысты командалық лауазымдарда, оның ішінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары (2004-2005 жж) лауазымдарында запастағы генерал-майор В. Назаренко және ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы, запастағы генерал-майор М. Даиров (2016-2018 жж.) қызметтерінен өткен» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жұмыс барысында Комиссия оқдәріні сақтаудың шарттары мен тәртібін, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексереді, төтенше жағдайлардың туындау ықтимал тәуекелдеріне баға береді, сондай-ақ жергілікті жерлерде практикалық көмек көрсетілетін болады және оқдәріні сақтау объектілерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша шаралар айқындалады.

Хабар 24 телеарнасы