384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев Денис Тен ескерткішіне гүл шоғын қойды

  • 150
  • UPD: 17:21, 08.07.2019
Б.Сағынтаев Денис Тен ескерткішіне гүл шоғын қойды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

«Денис Тен. Мәңгі есімізде» деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, Алматыда қайтыс болған мәнерлеп сырғанаушы, Сочиде өткен Олимпиада-2014 ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге ескерткіш 22 маусымда қойылған еді. Ескерткіш спортшы қайтыс болған Бәйсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы