384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы ауруханада науқастар электр жарығы үшін ақша төлеуге мәжбүр болған

  • 155
  • UPD: 20:20, 08.07.2019

Петропавлда дәрігерлер науқастардан жарық үшін ақша алған. Облыстық кардиологиялық орталықта телефон қуаттау, шай қайнату, теледидар көру қызметтері ақылы.

Бұл туралы емделушілер шу шығарып, аталмыш төлемнің заңсыз екенін алға тартып отыр. 

Шәйнек 50 теңге, телефонды зарадятау 50 теңге. Телевизор 100 теңге...

Кардиологиялық орталыққа жата қалсаңыз есіңізде болсын. Теледидар көріп, телефон қуаттап, шай ішемін десеңіз, қалтаңыз қағылады. Диана Құлмағанбетова осында маусым айында емделіп шықты. Оның айтуынша, медбикелер бір тілім қағазға қажетті қызметтердің құнын белгілеп берген.

Диана Құлмағанбетова, қала тұрғыны:

- Олар былай түсіндірді: біз жеке меншік кәсіпорынбыз. Үкімет, мемлекет тек ғана дәрі-дәрмек үшін төлейді әрқайсыларыңыз үшін, ал мынау светті, сумен қолданғандарыңыз үшін төленбейді. Сондықтан осылай әрқайсыларыңыз тәулігіне 50 теңгеден, мысалы шәйнекке 50 теңге, телефонға 50 теңге, ноутбукка 75 теңге деген сияқты мынандай кішкентай қағазға жазып берді. Бірақ ешқандай заңсыз құжаттарды әкелген жоқ.

Кардиологиялық орталық қызметкерлері оны «сервистік қызмет көрсету» дейді. Бағаны бас дәрігер бақылау кеңесімен бірлесе бекіткен. Бұл туралы бұйрық та бар. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың 50 теңгесі емдеу мекемесінің шығынға батпауына септесіп отыр екен.

Меңсұлу Көшекова, облыстық кардиологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Жиналған ақша коммуналдық қызметке төленеді. Мысалы, қазір 130 – 150 адам жатыр. Әрқайсы электр құрылғысын пайдаланады. Бұл бізге салмақ салады. Орталық шығынға батып жатыр.

Бұл баға қайдан шықты? Жарыққа жұмсалатын шығынды физика – математика ғылымдарының кандидаты Дина Құдабаева есептеп шығарды.

Дина Құдабаева, физика-математика ғылымдарының кандидаты:

- Орташа есеппен ұялы телефонды күніне 1 сағаттан қуаттасақ, 6 тиын шығады. Айына 1 теңге 8 тиын, ал жылына 21 теңге 90 тиын болады.

Заңгерлердің айтуынша, бұл заңсыз тәртіп. Осыған байланысты бас дәрігер тағы да бұйрық шығарды. Енді науқастар ұялы телефондарын тегін қуаттайды. Ал шәйнек, теледидарға тыйым салынды. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы