389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде субұрқақтарды қадағалауға бір маусымда 38 млн теңге жұмсалады

  • 244
  • UPD: 15:17, 09.07.2019
Өскеменде субұрқақтарды қадағалауға бір маусымда 38 млн теңге жұмсалады YouTube

Өскеменде субұрқақтарға халықтың сұранысы жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда қазіргі күні жалпы 13 фонтан бар. Дегенмен тұрғындар мен қала қонақтары үшін осыдан 4 жыл бұрын ашылған Республика алаңындағы әуезді фонтанның алар орны ерекше. Аталған сәулет нысаны музыкалық сүйемелдеумен жұмыс істейді. Оның үстіне әртүрлі түске боялады. Осылайша әсіресе кешқұрым көз тартатын орынға айналады. Алайда әзірге фонтандардың біреуі ғана күрделі жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар Бейбітшілік көшесінің бойынан салынып жатқан шағын арбатта тағы екі фонтан іске қосылады. Мамандардың айтуынша, субұрқақтар да аса үлкен күтімді қажет етеді. Сондықтан жарты сағаттық үзіліспен жұмыс істейді. Оларды жөндеп, тазалап, сәулетін қадағалау үшін бір маусымда шамамен 38 миллион теңге жұмсалады екен.

Хабар 24 телеарнасы