384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық әуежай бір топ азаматқа әлемдік авиация тарихында рекорд орнатуға көмектесті

  • 132
  • UPD: 17:39, 12.07.2019

Елордалық әуежай бір топ азаматқа әлемдік авиация тарихында рекорд орнатуға көмектесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік және Оңтүстік полюстерді қиып, Жер шарын айналып ұшқан ұшақ экипажы Нұр-Сұлтан қаласындағы әуе айлағына келіп қонып, қос қанатты көлікке жанармай құйып алды. Жаһанды 46 сағат 39 минут және 38 секундта айналып өткен британ ұшқышы Хэмиш Хардинг, NASA-ның бұрынғы астронавты Терри Вертс пен Ресей ғарышкері Геннадий Падалка, осылайша, әлемдік рекордты жаңартты. Сондай-ақ экипаж құрамында Ұлыбритания, Германия, Дания, Польша, Украина және Оңтүстік Африка елдерінің өкілдері де болды.

Рәділбек Әдимолда, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:

- Борт өз күшімен келіп қонды. Біз оларды тіркеп сүйреген жоқпыз. Ұшақ жақын аялдамаға тұрақтады. Жанармай құйып алған соң олар тез арада әрі қарай ұшып кетті.

Хабар 24 телеарнасы